Астанада тәулік ішінде 42 726 текше метр қар шығарылған

/uploads/thumbnail/20180118115819640_small.jpg

Елордалық коммуналдық қызметтер штаттық режимде жұмыс істеп жатыр. Кеше тәулік ішінде қаладан 42 мың текше метрден астам қар шығарылды. Бұл туралы Астана қаласы әкімінің баспасөз қызметіне «Астана Тазалық» ЖШС хабарлады, деп жазады Qamshy.kz ақпарат агенттігі.

«Тәулік ішінде Астанада 42 726 текше метр қар шығарылды. Соның ішінде, «Астана Тазалық» ЖШС 12 473 текше м, «Астана-көгалдандыру құрылысы» АҚ 1 932 текше м және мердігер ұйымдармен 28 321 текше м қар шығарылды», - делінген хабарламада.

Ағымдағы жылдың 17 қаңтарында көше тазалау жұмыстарына 321 жол қызметкері, сондай-ақ, 578 арнайы техника жұмылдырылды. Сонымен қатар, өткен тәулікте қала жолдарына 225 текше метр тұзды құм себілді.

Айта кетейік, Астанада қар шығару жұмыстары жұмыс күндері, демалыс және мереке күндері тәулік бойы жүргізіледі.

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар